Жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫНАН ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ

Академия қабырғасында Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы академиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеу мәселелері талқыланды.

Өзбекстан өкілдері Академияның құрылымымен, көрінісімен және саясатымен танысты. Академия қызметкерлері зерттеу қызметіне, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ Құзыреттерді бағалау орталығының қызметіне қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында тараптар Академиялар арасындағы қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігі туралы өзара пікір білдірді.


Your browser does not support SVGs