Мемлекеттік сектордағы қызметінің тиімділігін басқару

4.5/5

Онлайн семинардан өту барысында тыңдаушылар: нәтижелер бойынша басқару, жаңа мемлекеттік менеджмент, нәтижеге бағдарланған бюджеттеу, нәтижелерге қол жеткізуді басқару жүйесінің тиімділігі (performance management), тиімділік қағидаттары мен факторлары, мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау көрсеткіштері сияқты ұғымдармен танысуға тиіс. Тыңдаушылар оқудан кейін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттарына талдау мен бағалау жүргізуді, жеке қызметкердің (өз қызметінің), мемлекеттік органның қызметінің нәтижелілігіне талдау жасауды және бағалау жүргізуді, сондай-ақ қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг пен бақылауды тиімді жүзеге асыруды үйренуі тиіс.

Шарттық семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның және азаматтық қызметшілердің сұраныстарына сәйкес жүргізіледі. Оқуға арналған шарт Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы немесе қағаз түрінде жасалады.

+7 7172 75 34 93
+7 778 790 94 37
d.nurgozhin@apa.kz
a.aikimbayev@apa.kz

Президенттік Жастар кадрлық резерві қатысушыларын оқыту

+7 7172 75 33 98
aygerim.abilova@apa.kz


Your browser does not support SVGs