Магистратураның «Мемлекеттік басқару – Public Administration» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламасына, бір жыл оқу мерзімімен:
— мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, құжаттарды тапсыру сәтінде саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері («А» санатының тобы – А-1, А-2, А-3), ( «В» санатының тобы – В-1, В-2, В-3), («С» санатының тобы – С-1, С-2, С-3), орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өңіраралық және облыстық бөлімшелерінің, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы орталық мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметшілері (С-О-1, С-О-2, С-О-3), («D» санатының тобы – D-1, D-2, D-3), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының қызметшілері (D-О-1, D-O-2), («Е» санатының тобы – Е-1, Е-2) болып табылатын және басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
— Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Өтінім беру мерзімі:
2022 жылғы 1 наурыз – 23 шілде
аралығы тіркелу
Pre—sessional курстарына тіркелу
2022 жылғы 01 наурыздан
Курстардың басталу уақыты
01 сәуір
Курстарға тіркелу
Qazaq Resmi Test және
PIPPLET тесттерін шектеусіз рет
тапсыруға болады
Конкурстық іріктеу 2022 жылғы
27 шілде — 10 тамыз аралығында
Сабақтардың басталуы
2022 жылдың 1 қыркүйегінен
Бізбен байланысу үшін
admission@apa.kz
+7 7172 75 33 95
+ 7 7172 75 34 43