Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2019 жылғы 20 наурызда Академияның магистранттары, докторанттары мен қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы» атты дәріс өтті.
Академия ректоры Фатима Жақыпова алғы сөзінде қазіргі заманғы Қазақстанды құрудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың іргелі әрі айрықша рөлі туралы айтты.
«Кеше біздің елімізде тарихи жағдай орын алды, біздің әрқайсымыз ішімізде ерекше сезім мен эмоцияны сезіндік деп ойлаймын. Бүгін де ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – болашаққа сенімді қадам басып келе жатқан, 25 жылдық тарихы бар ұйым және бұл тұста Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша үлесі бар. Бүгін Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтанның іргелі әрі жасампаз рөлін бағалау да мүмкін емес. Елбасының қазақстандықтарға жасаған мәлімдемесінде Тәуелсіз Қазақстанды әрі қарай дамытуға көмектесетін философия мен құндылықтар жатыр» – деді Академия ректоры.
Ұлы мейрам Наурыздың алдында және барлық Қазақстан үшін маңызды әрі аса күрделі шешімдер қабылданған күнді Академияның ұжымы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы» атты дәрісті тыңдаудан бастады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі туралы Академия тыңдаушылары мен қызметкерлеріне Елбасының үзеңгілесі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының I, II, III және IV шақырылымдарының депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты, Академияның доценті Леонид Николаевич Бурлаков баяндап берді.
«Менің бойымды ризашылық сезімі билеуде. Отыз жыл бойы кемені тасыған теңіздей проблемалар мен шиеленістер, сыртқы қауіп-қатерлер мен күрделі ішкі жағдайдан алып шығу өте қиын, әсіресе ең алғашқы қадамдар жасаған кезде. Елбасының қиын жағдайларда бағыт таба білу қабілетінің, оның даналығы мен көрегендігінің арқасында бүгін де біз аман-есен өмір сүріп, келешекке сеніммен қараймыз», – деп атап өтті Леонид Бурлаков.
Елбасының үзеңгілесі өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында, сыртқы саясатта Тұңғыш Президенттің рөлі мен оның бітімгерлік қызметін сипаттайтын Қазақстан тарихындағы асулы кезеңдерді еске салды. Ел дамуы үшін Президенттің бастамасы бойынша қабылданған бағдарламалық құжаттар туралы да айтты. Леонид Бурлаков жеке кездесулер, ұмытылмас оқиғалар мен өзі де қабылдауға қатысқан маңызды тарихи шешімдер туралы естеліктерімен бөлісті.
Сонымен бірге, Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері өз пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.
«Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – Тұңғыш Президент қалыптастырған, біз жалғастыратын және дамытатын халқымыздың маңызды құндылықтары. Біз үшін ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, осы буындар аталған құндылықтарды ғасырлардан-ғасырларға жеткізгенде ерекше мәнге ие. Біз Елбасыға барлығы үшін ризашылығымызды білдіреміз және осы құндылықтарды сақтау және өрістету жолында бар күшімізді саламыз!», – деді Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Садвокасова.
Дәріс Қазақстан Республикасының жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімін көрумен жалғасты.