Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті

27–29 наурызда Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған коммуникациялық менеджмент бойынша үшкүндік семинар-тренинг өтті.

Бағдарлама халықпен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ жауап берудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді коммуникацияларды дамытуға бағытталған болатын.

«Бүгінгі таңда біздің алдымызда халықпен конструктивті диалог құру үшін коммуникацияның түрлі каналдарын тиімді қолдану міндеті тұр. Және де маңызды коммуникация каналдарының бірі – әлеуметтік желі болды. Коммуникациялық менеджментке баспасөз хатшыларын ғана емес, мемлекеттік органның бірінші басшыларын да оқыту ең алдымен мемлекеттік саясатты түсінікті түрде жеткізу мен қоғамдағы дағдарысты жағдайларға жауап қату үшін тиімді коммуникацияның кәсіби дағдыларын дамытуға бағдарланған», – деп атап өтті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

Тренингтің алғашқы күні әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге арналды. Шақырылған спикер, Astana Marketing Club негізін қалаушы, маркетолог және PR-менеджер Айнұр Әшімова SMM-нің 2019 жылғы трендтеріне тоқталды. Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, медиа-тренер Ақерке Берлібай мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарын және мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунттарын жүргізу мен мониторингтеу туралы сөз қозғады.  «Хабар» телеарнасының бас редакторы Галина Алькешеваның дәрісі копирайтинг және әлеуметтік желілерге бейімделген мәтіндер жазу, сондай-ақ баспасөз хабарламалары мен ресми хабарламаларды жазуға арналды. Сонымен бірге, бағдарламада контент-жоспарды жазу, беделдік тәуекелдерді болжау, фактчекинг пен басқалары бойынша практикалық сабақтар қарастырылған.  

Қалған екі күннің мәселелері PR бағалау, мониторингтеудің құралдары, мемлекеттік PR  ерекшеліктері – желілік қателіктер мен оларды түзету бойынша шаралар, дағдарыстарды, дағдарысқа қарсы сценарийлерді басқару мен жоспар құруға қатысты болды.  Семинарларды «Informburo» бас редакторы Михаил Дорофеев пен Success K стратегиялық коммуникациялар агенттігінің атқарушы директоры  жүргізді. Теорияға практикалық кейстер беріліп отырды, ал дәріскерлер аудиториямен талқылау жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.   

«Мен үшін кез келген тренингтің ең маңызды бөлігі – алған білімді бекітетін практикасы. Бұл жолы біз әріптестермен бірге 3 командаға бөлініп, ең шулы 9 дағдарысты талдап, өзіміздің дағдарысқа қарсы жоспарымызды жасауға тырыстық. Ал біз бұрын болған кейстермен қатар (бірақ қазірде маңызын жоғалтпаған кейстер), осы жылдың ең өзекті кейстерін талдадық!»  – деп алған әсерлерімен семинар қатысушылары, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары бөлісті.

2019 жылғы 11 наурыздан бастап «Өңірлік дамуды трансформациялау» атты біліктілікті арттыру семинарының аясында Қазақстан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының 200-ден аса аудан және қала әкімі халықпен коммуникацияның тиімді каналдары, атап айтқанда әлеуметтік желіде жұмыс істеу бойынша оқудан өтіп жатқанын естеріңізге салғымыз келеді.

Облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен жиналыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі жұмыстың маңыздылығы туралы атап өтіп, Мемлекеттік басқару академиясының базасында әлеуметтік желілердегі жұмыс бойынша курстар енгізуді және оған халықпен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын барлық шенеуніктерді жіберуді тапсырды.


Your browser does not support SVGs