Қажетті құжаттар

Қосымшаны толтыру үшін қажетті құжаттардың толық тізімі төменде көрсетілген. Егер сіз біздің онлайн-жүйе арқылы жүктеген болсаңыз, онда құжаттардың көшірмелерін жолдау қажет емес.

Оқуға түсу үшін өтініш
[/spoiler_mini]

Жоғары білімі туралы құжаттың және қосымшасының көшірмелері
[/spoiler_mini]

Еңбек өтілін растайтын құжат
[/spoiler_mini]

086-У нысандағы медициналық анықтама
[/spoiler_mini]

Мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін)

Жолдама (ссылка) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған ресми бланкіде.

IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе APTIS тестін тапсыруға арналған
тіркеу формасы (ссылка) в British Council

IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификат немесе APTIS тестін тапсыру барлық оқуға түсуші үміткерлер үшін міндетті. Ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру ұйымдарында дәреже алған талапкерлер тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады.

IELTS, TOEFL және APTIS тесті жөнінде қосымша ақпаратты British Council ұйымының ресми сайтынан көре аласыз. IELTS және TOEFL тестінің нәтижелері 2 жылға жарамды.

Ескерту. Тест тапсырғаны туралы сертификаттар ETS және British Council ұйымдарда тексеруден өтеді..

Мотивациялық эссе және мамандық бойынша берілген тақырыпқа эссе (магистратураға оқуға түсушілерге)

Мотивациялық эссе

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне магистратура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген білімі мен құзыреттерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру қажет. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

Мамандық бойынша берілген тақырыпқа эссе.

Эссе мақсаты сыни ойлау, академиялық жазу және пәндік саланы кәсіби түсіну дағдыларын көрсету. Эссе көлемі 500 сөзден (библиографияны қоспағанда) аспауы тиіс.

Талаптар:
— эссе құрылымы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады;
— эссе берілген тақырып бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды, ғылыми және басқа дереккөздерді талдауды қамтиды;
— эсседе ойды логикалық және дәлелді баяндау дағдыларын меңгергені көрсетіледі;
— қажет болған жағдайда, әртүрлі талдау әдістері, мысалы, «шығындар-пайдалар» (cost-benefit analysis) талдауы, pest-талдау (pest-analysis), көптеген критерийлер бойынша шешімдерді талдау (multi-criteria decision analysis) және басқалар қолданылады;
— дереккөздерге кемінде бес сілтемеден тұратын библиография көрсетіледі.

Оқу бағдарламалары бойынша эссе тақырыптары

Мотивациялық эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal) және ғылыми еңбектердің тізімі бар
болған жағдайда (докторантураға түсушілерге)

Мотивациялық эссе

Мотивациялық эсседе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне докторантура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген құзыреттері мен зерттеу нәтижелерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру талап етіледі. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.

Зерттеу жұмысының жоспары (research proposal)

Зерттеу жоспары конкурстық комиссияның мыналарды: талапкердің өз зерттеу тақырыбы бойынша зерттеулер мен әдебиеттерді жақсы білетінін; зерттеу мәселесінің өзектілігінің негізділігін; зерттеу тақырыбының мемлекеттік басқару мен дипломатияның басты бағыттарына сәйкес келуін; талапкердің өзінің зерттеу жұмысын жоспарлай білу қабілетін айқындауына мүмкіндік беруі тиіс.

Зерттеу жоспары міндетті түрде мынадай компоненттерді қамтуы тиіс: зерттеу жұмысының жұмыс атауы; зерттеуші шешетін мәселелерді (сұрақтарды) белгілеу; әдебиеттерге қысқаша шолу және зерттеудің жаңашылдығын негіздеу; зерттеу әдіснамасы – деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері; алдын ала зерттеу сызбасы кесте түрінде – зерттеу кезеңдерінің жүйелілігі және әрбір кезеңді іске асыру үшін қажет болатын уақыт; библиография – жұмыстың сипаттамасында көрсетілген әдебиет, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша басқа да маңызды ғылыми зерттеулер.


Your browser does not support SVGs