Адами ресурстарды басқару институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол мемлекеттік қызметтің кадрлық процестерін трансформациялауда негізгі рөл атқарады.
Институт құзыреттілікті бағалау, HR-аналитика, тестілеу және персоналды басқарудың цифрлық жүйелерін сүйемелдеу саласында көптеген міндеттерді жүзеге асырады. Институт өз қызметінде жасанды интеллект элементтерін қоса алғанда, заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізуге, күнделікті процестерді автоматтандыруға және кадрлық талдауды дамытуға бағытталған.
Институт жұмысының басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін бағалауды әдіснамалық және ұйымдастырушылық қолдау, ассессмент-құралдарды дамыту және жеке дамуды сүйемелдеу болып табылады. Сонымен қатар Институт таланттарды басқаруда сараптамалық қолдау көрсетеді, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің модульдері сияқты цифрлық шешімдерді сүйемелдеуге қатысады және мемлекеттік қызметте кадрлық шешімдерді іріктеу және талдау процестерін жүргізеді.
Институт кадрлық процестерді цифрландыруға және тиімділігін арттыруға, әкімшілік жүктемені төмендетуге, персоналды басқарудағы ашықтық пен объективтілікті арттыруға ықпал ететін адами ресурстарды басқару саласындағы сараптама орталығы ретінде әрекет етеді. HR-аналитиканы, жасанды интеллектті және заманауи әдіснамалық базаны пайдалану арқылы Институт тұрақты, заманауи және тартымды мемлекеттік қызметті құруға ықпал етеді.
Миссиясы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде, мемлекеттік ұйымдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде технологиялар, аналитика және жүйелі шешімдер арқылы кадрлық әлеуетті күшейте отырып, персоналды басқарудың заманауи және цифрлық тәсілдерін әзірлейміз және енгіземіз.
Пайымы: біз мемлекеттік HR саласындағы сараптамалық шешімдер мен инновациялардың ұлттық орталығы болып табыламыз: тиімді әдіс-тәсілдерді қалыптастырамыз, стратегиялық бастамаларды дамытамыз және мемлекеттік қызметтің даму үшін кәсіби, ашық және тартымды орта ретіндегі имиджін нығайтамыз.