Жаңалықтар

EAPAA аккредиттеуінен сәтті өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының келесідей төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті:
  • «Мемлекеттік басқару» (Public Administration);
  • «Экономика» (Economics);
  • «Мемлекеттік саясат» (Public Policy);
  • «Халықаралық қатынастар» (International Relations).
EAPAA (European Association for Public Administration Accreditation) аккредитациясы – NASPAA (АҚШ) аккредиттеу қауымдастығы сияқты мемлекеттік басқару саласындағы оқыту бағдарламаларына арналған әлемдегі ең беделді аккредиттеу қауымдастықтарының бірі. Білім беру бағдарламаларын іске асыратын Академия сапаны қамтамасыз етудің барлық стандарты бойынша өзін-өзі бағалау туралы есептерді дайындап, оларды растайтын қосымшаларымен бірге техникалық сараптамаға жіберді. 2022 жылғы 20-24 қараша аралығында сараптамалық топ келіп, аудит жүргізді. Топтың аудит жүргізу бағдарламасына сәйкес Академияның басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді. Аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы да тексерістен өтті. Ақпаратты толық растау үшін аккредиттелетін білім беру бағдарламалары (жалпы негізгі курстар) бойынша оқитын білім алушылармен және профессор-оқытушылар құрамымен сұхбат жүргізілді. «Site-visit» аяқталғаннан кейін жұмыс тобы ұсынылған білім беру бағдарламалары бойынша жиынтық бағалау жасады. Сарапшылар тобы есеп жасап, ол 2023 жылдың 5 қыркүйегінде Хорватияның Загреб қаласында EAPAA Аккредиттеу кеңесінде қарауға ұсынылды. 2023 жылғы 5 қыркүйекте EAPAA Аккредиттеу кеңесінің шешімімен жоғарыда аталған 4 магистрлік білім беру бағдарламасын халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті деп тану және сертификаттау туралы қаулы шығарылды. Академияның тәуелсіз халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтудегі басты мақсаты іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының сапа деңгейін растау, профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін бағалау, ESG халықаралық стандарттарына сай болу, сондай-ақ Академияның мақсатты аудиториясы іс басындағы мемлекеттік қызметшілер мен әртүрлі қызмет салаларындағы қызметкерлер болғандықтан, ЖОО түлектерінің мемлекеттік басқару саласында еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін растау болып табылады. EAPAA-ның біздің білім беру бағдарламаларымызды халықаралық деңгейде тануы Академияға аккредиттелген жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Your browser does not support SVGs