Біздің қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы НҚА-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша орындаушы болып табылады. НҚА-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама ол әділет органдарына келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.

Әзірлеуші мемлекеттік орган НҚА жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін үйлестірушіге жібереді.

Үйлестіруші — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі — Академия).

Құжаттарды сараптамаға жіберудің электрондық тәсілі: Академия «Documentolog» жүйесінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі — ЭҚАБЖ) тіркелген.

НҚА жобасын электрондық жүйелер арқылы жіберген кезде «адресат» ретінде әзірлеуші «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын» таңдайды.

Мерзімдерді есептеу Академияның кеңсесі НҚА жобасын тіркеген сәттен басталады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заң актісінің жобасы мен оған қатысты материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен оған қатысты материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін әзірлеуші үйлестірушіге мынадай материалдарды жібереді:

1)нормативтік құқықтық актінің жобасы (қазақ және орыс тілдерінде);

2) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

3) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша болса, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен қоса нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырмалы кесте (қазақ және орыс тілдерінде);

4) заң жобасының тұжырымдамасы (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

5) зерттелетін проблема бойынша статистикалық деректер (бар болса).

ХАБАРЛАНДЫРУ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

expertise@apa.kz

+7 7172 75 34 96


Your browser does not support SVGs