БАҒДАРЛАМА

ОҚУ ТҮРІ

Оқу ұзақтығы:  бір жыл оқу мерзімімен, негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі бойынша

Оқу тілі оқу үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша және ағылшын тілінде.

Қаржыландыру көзі: Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен

КІМ ОҚЫТАДЫ:  https://www.apa.kz/team_category/memlekettik-sayasattyn-ulttyk-mektebi/

ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

  • Магистратураның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – Anti-Corruption Policy» білім беру бағдарламаларына негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі бойынша бір жыл оқу мерзімімен:
  • — Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

 

  • Құжаттарды қабылдау тәртібі

Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Үміткерлер жыл сайын 1 наурыз бен 23 шілде аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:

    • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
    • шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
    • электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.

Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған келісімге қол қояды.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың
1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.

Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.

ОҚУ ЖОСПАРЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ



Your browser does not support SVGs