Бағдарлама кімге арналған?
Магистратураның «Мемлекеттік басқару – Executive Public Administration» білім беру бағдарламаласына негізгі кәсіптік қызметпен қоса кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен 18 айлық оқу мерзімімен:
– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде үш жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы ректорының
2022 жылғы «10» ақпандағы № 61 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылар контингентін қалыптастыру заңдылықты, жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
Оқуға қабылдау рәсімі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып табылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) шеңберінде де, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен де жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер
Осы Академияға оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Академия Жарғысына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын Академияға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға түсу конкурсына қатысуға, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген зейнеткерлік жас шегінен шықпайтын, оқудың және кейіннен жұмыспен өтеудің жиынтық мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік органда олардың тұрақты штаттық лауазымды атқаруын ескере отырып, жіберіледі.
Мемлекеттік орган ұсынылатын мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияға оқуға жібереді.
Академия ҚР БҒМ 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауды, оның ішінде магистратура білім беру бағдарламалары шеңберінде негізгі кәсіптік қызметті біріктіре отырып, модульдік оқыту принципі аясында, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- 7М031 Әлеуметтік ғылымдар;
- 7М041 Бизнес және басқару;
- 8D031 Әлеуметтік ғылымдар;
- 8D041 Бизнес және басқару.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру, конкурстық іріктеуді жүргізу және Академияға оқуға қабылдау үшін жыл сайын Қабылдау және Конкурстық комиссиялар құрылады, олардың құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссиялардың құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және қалалар мен облыстар мәслихаттарының депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және халықаралық компаниялардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, Академия қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар кіреді.
Қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қабылдау комиссиясы туралы ережеге сәйкес барлық қабылдау кампаниясы бойы жұмыс істейді.
Конкурстық комиссиялар магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құрылады.
Үміткерлер а.ж. 23 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
- шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
- электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.
Мемлекеттік қызметшілер қатарынан Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері үшін мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.
Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған келісімге қол қояды.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың
- 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.
-
Магистратураның бір жыл оқу мерзімімен, модульді оқыту принципі бойынша білім беру бағдарламаларына, конкурстық іріктеу бір кезеңнен – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі сұхбаттан тұрады.