БАҒДАРЛАМА

ОҚУ ТҮРІ

Оқу ұзақтығы:  бір жыл

Оқу тілі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Қаржыландыру көзі:  Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен

КІМ ОҚЫТАДЫ:  https://www.apa.kz/team_category/basqaru-instituty/

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • оқытудағы құзыреттілік тәсіл, интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып, нақты жағдайларды шешу арқылы оқытудың практикаға- және нәтижеге-бағдарлануы;
  • аралас салаларда білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін пәнаралық тәсіл;
  • қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, ыңғайлы модульдік формат, қолайлы оқыту қарқыны;
  • Қазақстанның мемлекеттік органдарында және шетелде практикадан және тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
  • өңірлік экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған магистрлік жобаны орындау;
  • үш тілде оқыту: қазақ, орыс, ағылшын;Академия оқытушыларының тәлімгер, куратор болуы;
  • жетекші практик дәріскерлерді, «Visiting Professors» және жоғары деңгейдегі сарапшыларды тарту;
  • кәсіби және сараптамалық нетворкингті дамыту, түрлі министрліктер мен ведомстволардан келген мемлекеттік қызметшілермен өзара іс-қимыл жасау, өзара оқу (peer learning).

ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

Құжаттарды қабылдау тәртібі

Үміткерлер жыл сайын 23 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Академияның ақпараттық жүйесінде (admission.apa.kz) тіркеледі және электрондық форматтағы мынадай құжаттарды қоса тіркейді:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
  • электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш, шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген нұсқасын жүктейді.

Мемлекеттік қызметшілер қатарынан Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері үшін мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

 

Конкурстық іріктеу кезеңдері

Конкурстық іріктеу тек бір кезең – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі сұхбаттан өтуден тұрады.

ОҚУ ЖОСПАРЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ


Your browser does not support SVGs