Жаңалықтар

Астана – Шанхай: Ұлы Жібек Жолын жандандыру

2017 жылдың 17 маусымында Академия басшылығы Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебінің деканы профессор Вонг Веймин бастаған Шанхай саяси ғылымдар және заң университетінің жанындағы Қытай ШЫҰ Ұлттық институтының (CNISCO) делегациямен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты Академия мен CNISCO арасындағы серіктестікті дамыту болды. Екі тарап мемлекеттік басқару саласында кадрларды даярлау және осы салада зерттеу жүргізу туралы келісті. Ынтымақтастық мемлекеттік басқару, жемқорлыққа қарсы күрес, халықаралық қатынастар және басқада да тақырыптар бойынша студенттер үшін қысқа мерзімді оқу бағдарламалар мен тағылымдамалар ұйымдастыру, дәріс оқу, курстар мен семинарлар өткізу үшін ғалымдар мен сарапшыларды шақыру және бірігіп зерттеулер жүргізу арқылы іске асырылатын болады.

Тараптар осы ынтымақтастықтың өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға және екі елдің халықтары арасындағы түсіністікті дамытуға қосатын үлесін ерекше атап кетті.

Астанаға сапары барысында CNISCO делегациясы 15-16 маусым аралығында өткен Х Астана экономикалық форумы аясында Академияның тең ұйымдастырылуымен өткізілген «Мүмкіндіктерді басқару: көшбасшылықтың жаһандық тегеуріндері» атты жаһандық конференцияға қатысты.

CNISCO ҚХР Президенті Си Цзиньпиньнің тікелей бастамасымен қаланған. Бұл мекеменің рөлі ШЫҰ үшін заң және тағы басқа саладағы мамандарын даярлау.


Your browser does not support SVGs