Академия мемлекеттік басқару саласында кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы қазақстандық стандарттарын ілгерілету, ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында шетелдік мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді:
- Академия, Астана Мемлекеттік қызмет хабы және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
- Академия және Қор Ханс Зайдель атынан Орталық Азиядағы ХЗҚ жобасының жетекшісі доктор Макс Георг Майер.
Астана Мемлекеттік қызмет хабының гранттары Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілеріне «Халықаралық қатынастар» және «Мемлекеттік саясат» магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша арналған.
Қай елдер қатыса алады?
Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Солтүстік Македония, Бангладеш, Беларусь, Бенин, Босния және Герцеговина, Бразилия, Бутан, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Литва, Мальдив, Молдова, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Палестина, Польша, АҚШ, Словакия, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Черногория, Швеция, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония
Құжаттарды қабылдау
2022 жылғы 1 наурыздан 23 шілдеге дейін
Конкурстық іріктеу
2022 жылғы 27 шілдеден 10 тамызға дейін
Сабақтың басталуы
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап
Қабылдау комиссиясы
admission@apa.kz
+7 7172 75 33 95
+ 7 7172 75 34 43