» Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасы

   Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2018 жылдан бастап Академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылады.

   Академиялық адалдық лигасы – университеттер қауымдастығы, оның миссиясы академиялық адалдық пен оны бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын енгізу арқылы білім сапасын арттыру болып табылады.

   Лиганың құндылықтары – адалдық, жауапкершілік пен транспаренттілік. Лига институционалды ортаны, оның ішінде ішкі органдарды құру, академиялық адалдық стандарттарын және көп векторлы ынтымақтастықты қалыптастыру жолымен өз мақсаттарын жүзеге асырады.

  Жоғары оқу орындарының тәуелсiздiгi – мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамытудағы маңызды кезең. Бұл жүйені одан әрі дамытудың негізгі қадамы жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуін құру және нығайту болып табылады. Сонымен қатар, мысалға алатын болсақ, халықаралық тәжірибеде бұл ұғым америкалық адалдық лигасы мен «Рассел» британдық тобының құрылуына алып келді. Көрсетілген ұйымдар білім сапасын жоғарылатудың локомотивтері, ал олардың құрамына кірген ЖОО-дары әлемдегі ең беделділер қатарында болған.

Лига қызметінің мәні жоғары білім беру сапасына қатысты және Лига мүшелерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық адалдық қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған кез-келген жобаларды жүзеге асыру.


Your browser does not support SVGs