Жаңалықтар

Академияға Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы Академиясының өкілдері келді

Бұл сапардың мақсаты Академияның магистратура бағдарламаларын, мемлекеттік қызметшілерге арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесін зерделеу болды.

Сонымен қатар, Академия басшылығының өзбек әріптестерімен кездесуінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіндегі инновациялар, Академияға түсу және үміт

керлерді іріктеу қағидалары ұсынылды. Қонақтар Академияның IT әлеуетімен, атап айтқанда, білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қалай пайдалануға болатындығымен танысты.

Өзбек әріптестер Академияның жұмысына жоғары баға берді және Академияның түрлі саладағы тәжірибесін үйренуге қызығушылық танытты. Мысалы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» магистрлік бағдарламасын әзірлеудегі Академияның тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды және ол тәжірибе әріптестердің айтуынша 2019-2020 оқу жылында Бас прокуратура академиясында осындай бағдарламаны іске қосу үшін қолданылатын болды.

Кездесу соңында Академия мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Академиясы өзара ынтымақтастықты әрі қарай да дамыту туралы келісімге келді.

 


Your browser does not support SVGs