АКАДЕМИЯҒА ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесі мен ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарын басшылыққа ала отырып, парақорлықпен күрес менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу туралы шешім қабылдады.

Аталған мәселенің маңыздылығы мен мәнін түсіне отырып, парақорлықпен күрес менеджмент жүйесінің жобасын әзірлеу және енгізу үдерісі аясында Академия басшылығы мен қызметкерлерінің алдына келесідей нақты міндеттер қойылды:

  • парақорлықпен күрестің нәтижелі және тиімді менеджмент жүйесін әзірлеу саласында қызметкерлерді оқыту және сертификаттау;
  • Академияның бизнес-процестерінде парақорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын айқындау және рәсімдеу;
  • менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз органнан парақорлықпен күрес менеджмент жүйесінің сәйкестігін халықаралық деңгейде тану (мойындалу).

Қызметкерлерді оқыту және сертификаттау аясында 2020 жылдың ақпан айында менеджмент жүйелері және персоналды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген халықаралық органнан (PECB, Канада, https://pecb.com/) сертификатталған халықаралық лектордың қатысуымен дәрістер курсы ұйымдастырылып, өткізілді. Курс ISO 37001 талаптарын зерделеу бойынша теориялық және практикалық әлемдік практикаларға, сондай-ақ түрлі бейіндегі ұйымдарда парақорлықпен күрес менеджментінің нәтижелі және тиімді жүйелерін енгізуге негізделген. Оқу курсының қорытындысы сертификаттау емтиханы болды. Академиядан қатысқан оқу курсының барлық қатысушылары емтиханды нәтижелі тапсырды және РЕСВ-дан сертификатталған әзірлеушілердің халықаралық тізіліміне енгізілді.

Сонымен қатар, осы оқу курсының маңыздылығын түсіне отырып, Академия басшылығы мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша оқу бағдарламаларына ISO 37001 қолдану ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері мен оның көріністерінің жекелеген түрлері бойынша жеке курстарды әзірлеуге және өткізуге дейін интеграциялау туралы шешім қабылдады.

Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша қажетті дағдыларды меңгерген Академия қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару тұрғысынан ағымдағы қызметке талдау жүргізді. Талдау нәтижелері жұмыс жоспарын құруға мүмкіндік беріп, оған сәйкес бизнес-процестер үшін парақорлыққа қарсы тұрудың бірқатар нақты ұйымдастырушылық және техникалық шаралары анықталды. Көрсетілген шаралар мынадай бағыттар бойынша нақты рәсімдер мен ережелер түрінде ресімделді:

 

  • Қызметті жоспарлау және басқару;
  • Кешенді заңды тексеру;
  • Қаржы саласындағы шаралар;
  • Қаржылық емес саладағы шаралар;
  • Басқарылатын ұйымдар мен іскер әріптестердің парақорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін енгізу;
  • Парақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттемелер;
  • Сыйлықтар, ризашылық белгілері, қайырымдылықтар және осыларға ұқсас көтермелеулер;
  • Парақорлыққа қарсы іс-қимылдың сәйкес келмейтін тетіктері кезіндегі шаралар;
  • Күдік туралы хабарлау;
  • Парақорлыққа қатысты тергеу және шаралар қабылдау.

ISO 37001 стандартына негізделген тәуекелге бағытталған және процестік тәсілдерге сүйене отырып, сондай-ақ әзірленген ұйымдастырушылық және техникалық шараларды ескере отырып, Академияда парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі енгізілді.

Жобаның келесі кезеңі парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесінің ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне тәуелсіз талдау жүргізуге қабілетті ұйымды таңдау болды. Менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарындағы нақты жағдайды талдау менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша аккредиттелген органдардан (ISO/IEC 17021-1 бойынша) аккредиттелмеген органдарға дейін сәйкестікті растаудың әр түрлері бар екендігін анықтады. Академия үшін парақорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің барлық маңыздылығына сүйене отырып, басшылық «CERT International» халықаралық аккредиттелген органында сертификаттаудан өту туралы шешім қабылдады.

Келесі кезең парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттың белгіленген талаптарына сәйкестігіне тәуелсіз талдау жүргізе алатын ұйымды таңдау болды.

Менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарындағы нақты жағдайына жүргізген біздің талдауымыз сәйкестікті растаудың әртүрлі түрлерінің бар екендігін анықтады: менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар да, аккредиттелмеген органдар да бар.

Академия үшін парақорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің маңыздылығына сүйене отырып, біз «CERT International» халықаралық аккредиттелген органында сертификаттаудан өту туралы шешім қабылдадық.

Академияның парақорлықпен күрес менеджмент жүйесін сертификаттау аудиті 2020 жылдың шілде айында ұйымдастырылып, өткізілді. Сертификатталған сарапшы-аудиторлар командасы Академияның басшылығы мен қызметкерлерінің парақорлықпен күрес менеджмент жүйесінің жұмысына қатысушылығының жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ Академия парақорлықпен күресуде қолданатын шаралардың нәтижелі әрі тиімді екендігін атап өтті. Сәйкестікті бағалау нәтижесі парақорлықпен күрес менеджмент жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алу болды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік тұрғысынан парақорлықпен күрес менеджмент жүйесін сертификаттаудан өткен Қазақстан Республикасындағы алғашқы мемлекеттік ұйым болып табылады.

Сәйкестік сертификаты менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың сәйкестік сертификаттарының халықаралық тізілімінде тіркелген (www.iafcertsearch.org).


Your browser does not support SVGs