Жаңалықтар

Академияда «Қиын мінезді» бағынысты қызметшілерді басқарудың тиімді құралдары бойынша семинар басталды

2017 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында шетелдік сарапшылар Сэм Чиа және Мария Султанова «Басқарудың тиімді құралдары. «Қиын мінезді» бағынысты қызметшілер» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинарға Президент Әкімшілігінің, Премьер-Минстр Кеңсесінің, Парламент Сенатының, Конституциялық кеңестің, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Аталған семинардың мақсаты – басқару дағдыларын зерделеу және қызмет нәтижелерін жақсарту мақсатында қызметшілерді ынталандыру үшін тиімді басқарушылық құралдарын қолдану, сонымен бірге «қиын мінезді» бағынысты қызметкерлермен жұмыс жасау қадамдарын зерттеу.

Сэм Чиа (Сингапур) SC Coaching Asia Pte Ltd негізін қалаушы және бас директоры, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанның бірқатар танымал компанияларының еншілес ұйымдарында вице-президент және басқарушы директоры ретінде көпжылдық жұмыс өтілі бар. Халықаралық бизнес көшбасшы, коуч, кеңесші және фасилитатор ретінде 25 жылдан аса жұмыс тәжірибиесі бар. Ұлыбританияның (FCCA), Сингапурдың (FCA) және Малайзияның (CPA) Дипломды сертификатталған бухгалтерлер ассоциациясының мүшесі, сонымен қатар сертификатталған коуч жаттықтырушы және Маршалла Голдсмит мектебінің болашақтағы жаһандық көшбасшылықты 360º бағалау бойынша (АҚШ) тәжірибеленуші маманы, Канаданың кәсіби сертификаттау кеңесінің және НЛБ Американдық университетінің, оған қоса дүние жүзінің басқа да коучинг орталықтарының бірқатарының сертификатталған коучі болып табылады. Сэм Чиа әртүрлі елдердегі жеке және мемлекеттік ұйымдардың жоғары буын жетекшілері мен басшылық құрамына көптеген коучинг сессиялар өткізген.

Мария Султанова (Ресей Федерациясы) сертификатталған коуч, биснес-жаттықтырушы, СК «Allianz РОСНО» жобасының жетекшісі, IMS Retail оқыту бөлімінің жетекшісі болып табылады. Мария Султанованың персоналды оқыту және дамыту саласында көпжылдық тәжірибиесі бар. Тұтынушылармен, жетекшілермен 150 сағаттан аса коучинг-тренингтер, сонымен қатар «Басқарушылық қарым-қатынас», «Қызметкерлер таланты: анықтаймыз, дамытамыз, қолданамыз», «Жұмыста қызметкерлерді дамыту тәсілдері: тәлімгерлік және коучинг», «Тұрақты күйзелік жағдайында қалай тиімді және риза болып қалу», «Табысты жетекші. Бизнестегі эмоциональды құзыреттер» және т.б.

Семинар аяқталған соң, мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметшілермен күнделікті өзара әрекеттестіктегі басқару дағдыларын дамытады және өздерінің күшті жақтарын, «қиын мінезді» қызметшілермен жұмыс жасау дағдыларын анықтайды, қызметкерлерді ынталандырудағы рөлі мен жауапкершілігін терең түсінеді деп күтіледі.

Семинар аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs