Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбай Агенттіктің және Академияның аруларын мерекесімен құттықтады.
Жастар театрында өткен салтанатты іс-шара барысында Академияда ұзақ жыл қызмет еткен, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына, мемлекеттік басқару саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан арулардың еңбегі бағаланды.
Академияның Маркетинг және коммуникациялар қызметінің басшысы Гүлзада Бөлегенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Академияның Ғалым хатшысы Асемгүл Мұсатаеваға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың Грамотасы табысталды.
Сондай-ақ Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың Алғыс хатымен Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің аға әдіскері Ұлжан Шорақызы Жоламан, Академияның «Жас мемлекеттік қызметкерлерге арналған үй» қызметінің заңгері Асель Байдаулет, Академияның Жетісу облысы бойынша филиалының Әкімшілік бөлімінің басшысы Эльмира Асанова, Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға әдіскері Татьяна Селиванова марапатталды.




