«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы облысы бойынша филиалы 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге және өзге де тұлғаларға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс тренерлерді қабылдауды жариялайды

І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары

 

а)мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалғандар үшін:

 

  1. Нормашығармашылық процесс

2.Деректерге негізделген шешім қабылдау және цифрлық экожүйелер

3.Көшбасшылық және басқарушылық мінез-құлық

4.Инвестициялар үшін аймақтық бәсекелестік: қиындықтар мен мүмкіндіктер

 

ә)мемлекеттік әкімшілік  қызметіне  алғаш кіргендер үшін:

1.Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар

2.Генеративті жасанды интеллекттің негіздері

 

ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:

 

  1. Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары

2.Мемлекеттік қызметшінің кәсіби этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы

  1. Мемлекеттік сатып алу: құқық қолдану практикасы

4.Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары

  1. Белгісіздік жағдайындағы сценарийді жоспарлау
  2. Заң және тәртіп ұлттық идеологияның элементі ретінде
  3. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру
  4. Креативті индустриядағы инновациялар мен қиындықтар
  5. Мемлекеттік қызметшілердегі кәсіби стрессті басқару және күйіп кетудің алдын алу
  6. Гендерлік теңгерім: тепе-теңдікке жетудің практикалық құралдары
  7. Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
  8. Дағдарыс кезіндегі табысты коммуникация стратегиялары: қиын жағдайларды басқару
  9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
  10. Инвестициялар үшін аймақтық бәсекелестік: қиындықтар мен мүмкіндіктер
  11. Инклюзивті және тұрақты көшбасшылық
  12. Әлеуметтік зерттеулер аймақтық даму құралы ретінде
  13. Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу. Бюджет заңнамасындағы инновациялар
  14. Құқықтық мәдениет және сауаттылық
  15. Экологиялық сауаттылық және тұрақты даму
  16. «Цифрлық гигиена» және ақпараттық қауіпсіздік

 

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:

 

1) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесі және кәсіби қызметте және (немесе) семинар тақырыбына сәйкес келетін салада тренингтер өткізуде, кемінде соңғы 3 жыл, практикалық тәжірибесі болуы;

2) Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын білу (әңгімелесу кезеңінде расталады);

3) мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу (әңгімелесу кезеңінде расталады);

4) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру (әңгімелесу кезеңінде расталады);

5) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну (әңгімелесу кезеңінде расталады);

6) мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы зерттеу қызметі тәжірибесі (мүмкіндігінше);

7) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;

3) ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);

4) таңдалған тақырыптар бойынша кейстер. 

 

Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік  күннен кешіктірмей, яғни  2025 жылдың 19 желтоқсан-2026 жылдың 09 қаңтар аралығына  дейін жалғасады.

 

Құжаттарды 2026 жылдың 09 қаңтарына дейін info.almobl@apa.kz электронды поштасына жіберу керек.

Конкурс  14 қаңтар күні (онлайн) сағат 15-16.00 аралығында  зум платформасы арқылы өтеді.

 

Барлық сұрақтар бойынша: +77054845816 Қазыбек Нұрсеитович Дауталиев,

                                                +77715784341 Салтанат Қанатбекқызы Тұрғанбековаға хабарласуға болады.


Your browser does not support SVGs