Жаңалықтар

Академия мен Астана медицина университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Астана медицина университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Құжат тараптардың білім беру және ғылым саласындағы өзара әріптестігін нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, меморандум профессор-оқытушылар мен ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша бірлескен жұмысты көздейді. Сондай-ақ тараптар білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын бірлесе жүзеге асыруға келісті. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі магистрлік бағдарламаларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары мен білім беру модульдерін әзірлеу және енгізу болмақ.

 

Академия ректоры Азамат Жолманов Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына серіктестік үшін алғыс білдірді.


Your browser does not support SVGs