Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Академияда Алқа білім академиясының оқытушысы, этнопедагог Нұрболат Кәрібайдың қатысуымен «Адамдық борыш» атты дәріс өтті. Дәріс барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» философиясына негізделген адам өмірінің мәні мен мағынасы туралы терең ойлар айтылды.
«Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Тіршілікке келіп-кету – қайталанбас құбылыс. Сол себепті баянсыз қызықтан бас тартып, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға бай тұлға болып өсуіне ықпал ету – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті Нұрболат Кәрібай.
Сондай-ақ танымал кітап насихаттаушы блогер Айнұр Бұлақбай оқырмандарды «Отбасы хрестоматиясы» баспасынан шыққан жаңа әдебиеттермен таныстырды. Оның кітап әлеміне деген сүйіспеншілігі қатысушыларға шабыт сыйлап, рухани байлықтың маңыздылығын айшықтады.
Бүгінгі мереке Академия оқырмандарына ұлттық ерекшеліктер мен құндылықтарды сақтаудың еліміздің өркендеуі жолындағы маңызды міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Даму күні аясында Академия HR саласындағы сарапшы, Executive Search және I-Talent рекрутингтік агенттіктерінің негізін қалаушы Зульфия Сембаеваны қонақжайлықпен қабылдады.
Кездесу барысында спикер Қазақстандағы және шетелдегі хантинг бойынша құнды тәжірибесімен бөлісті, ал негізгі талқыланған тақырып таланттарды сақтау бойынша тиімді стратегиялар болды. Қатысушылар тек практикалық кеңестер алып қана қоймай, оларды интерактивті жаттығуларда қолдануға мүмкіндік алды.
Қатысушылар қызметкерлердің ұйымдарда қалуына не түрткі болатынын, материалдық емес ынталандыру жүйесін қалай құруға болатынын және корпоративтік мәдениеттің шешуші рөлі туралы талқылады.
Даму күні аясында «Өзгерістер Кеңсесі» қатысушыларының таныстырылым кездесуі өтті. 19 топ өз жобаларын ұсынып, мақсаттарымен және күтілетін нәтижелермен бөлісіп, шабыттандыратын өзгерістер атмосферасын қалыптастырды. Барлық идеялар қолдауға ие болды және алдағы 100 күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Топтарға жемісті нәтижелерге жетулеріне тілектеспіз!