Жаңалықтар

Академияның диссертациялық кеңесінде докторант Нұргүл Қарағойшина докторлық диссертациясын сәтті қорғады

Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасында әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу және басқару контекстіндегі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру».

Зерттеу жұмысында әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мен тиімді басқаруға қажетті құзыреттер ұсынылды. Сонымен қатар нақты кейстер мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы әлеуметтік сауалнама нәтижелері негізінде маңызды қорытындылар мен ұсыныстар талқыға салынды.

Атап айтқанда, «Ақтөбе десант» пилоттық жобасы мемлекеттік басқарудың үлгісі ретінде сипатталып, өзге де елімізде орын алған әлеуметтік қақтығыстар, дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік қызметші құзыреті талданды.

Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттары туралы 2025 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысы бекіткен құжатпен үндеседі. Мемлекет басқару ісінде қоғаммен сапалы диалог құру ұлтты одан әрі ұйыстырады.

Зерттеуге ғалымдар тарапынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» қағидаттарына сәйкес жүргізілген сапалы жұмыс деген баға берілді.


Your browser does not support SVGs