Жаңалықтар

Конституцияның 30 жылдығы: Мемлекеттік қызметшілер арасында зияткерлік викторина өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Мемлекеттік басқару академиясында Даму күні аясында «QUQYQ QUIZ: Конституция және сайлау» атты зияткерлік викторина өтті. Іс-шараны Академияның Электоралдық оқыту орталығы ҚР Орталық сайлау комиссиясымен және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Викторинаның мақсаты –  мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституциялық нормалар мен сайлау заңнамасы бойынша білімдерін тереңдету, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Байқауға Академия магистранттарынан құралған 7 команда қатысты. Қатысушылар Конституция негіздері, сайлау заңнамасы, жағдаяттық сұрақтар және блиц-тур кезеңдерінде өз білімдерін сынға салды.

Электоралдық оқыту орталығының өкілдерінің айтуынша, мұндай зияткерлік іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық біліктілігі мен кәсіби дағдыларын арттырумен қатар, Ата Заңды дәріптеуге, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сана-сезімді нығайтуға септігін тигізеді.

Қорытынды бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын – «HR-қырандары» (Адами ресурстарды басқару бағдарламасының 1 курс магистранттары);

ІІ орын – «Парасат» (Мемлекеттік саясат мамандығының 1 курс магистранттары);

ІІІ орын – «Quqyq Академиктері» (Экономика және цифрлық мемлекеттік басқару мамандығының магистранттары).

Іс-шара Конституцияның мерейтойына арналған маңызды оқиға ретінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және азаматтық дамуына серпін берді.


Your browser does not support SVGs