Жаңалықтар

Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларын өткізуге арналған тренерлерді іріктеу туралы хабарландыру

Өтінім қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2025–2026 оқу жылында мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары мен біліктілікті арттыру семинарларын өткізу үшін тренерлерді іріктеу жүргізетінін хабарлайды.

Іріктеу жүргізілетін семинар тақырыптары:
• Басқарушылық шешімдер қабылдау
• Деректерге негізделген шешімдер қабылдау
• Практикалық аналитика
• Дизайн-ойлау және адамдарға бағдарлану
• Дебюрократияландыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру
• Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект
• Өзгерістерді басқару
• Өңірдің тұрақты дамуын басқару
• E-Өтініш жүйесімен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс
• Құқықтық реттеу және норма шығармашылықтың заманауи тәсілдері
• Стратегиялық жоспарлау және болжау
• Норма шығармашылық үдерісі
• Көшбасшылық және басқарушылық мінез-құлық
• Мемлекеттік қызметтегі цифрлық гигиена
• Мемлекеттік қызметтегі цифрлық трансформация
• Гендерлік теңдік

Байқауға қатысу критерийлері:
1. Ғылым кандидаты/докторы, PhD, бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесінің болуы, сондай-ақ тиісті салада кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі және/немесе тренерлік қызмет тәжірибесі.
2. Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу (әңгімелесу барысында бағаланады).
3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу (ағылшын тілі – құпталады).
4. Интерактивті оқыту әдістерін қолдана білу (әңгімелесу барысында бағаланады).
5. Мемлекеттік басқару саласындағы практикалық кейстердің болуы, мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін түсіну.
6. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеу тәжірибесінің болуы құпталады.
7. Ұсыным хаттардың болуы артықшылық болып саналады.

Өтінімдерді түйіндеме және растайтын құжаттарымен бірге мына электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: d.beisembayeva@apa.kz

Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 15 қыркүйек.

Біздің кәсіби командамызға қосылып, Қазақстан мемлекеттік қызметінің дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!


Your browser does not support SVGs