Бірыңғай кадр жүйесін енгізу бойынша HR-аналитика және әдістеме
- Мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуеті туралы деректерді жинау, талдау және түсіндіру;
- Кадрлық жұмысты жоспарлау және мемлекеттік қызметтің қажеттіліктерін болжау;
- Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында персоналды басқару мәселелері бойынша сауалнама жүргізу;
- Жеке және мемлекеттік секторлардағы персоналды басқарудың халықаралық тәжірибесін талдау;
- Кадрлық процестердің тиімділігін талдау және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Персоналды басқару мәселелері бойынша есептер мен талдамалық материалдарды дайындау;
- Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр процестерін «БКС» АЖ-ға автоматтандыруды қамтамасыз ету;
- «БКС» АЖ-ға автоматтандыру үшін кадрлық процестер бойынша әдіснаманы әзірлеу.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын, «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 және 2024 жылғы 21 қарашадағы № 709 Жарлықтарын іске асыру шеңберінде HR-институт уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында «Бірыңғай кадр жүйесі» ақпараттық жүйесінің базасында (бұдан әрі – БКЖ АЖ) кадр процестерін енгізуді және автоматтандыруды жүзеге асырады.