Құзыреттілікті бағалау және талант менеджмент
- Құзыреттілікті бағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да мүдделі тұлғалардың ассессментін өткізу;
- Ұйым қызметкерлерінің құзыреттілік моделін әзірлеу;
- Құзыреттілікті бағалаудың тапсырмалары мен әдістерін әзірлеу және бейімдеу;
- Құзыреттілікті бағалау нәтижесінде алынған деректерді талдау;
- Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері үшін жеке даму бағдарламаларын әзірлеу кезінде кеңес беру;
- Ассессорлар мен интервьюерлерді оқытуды ұйымдастыру;
- Уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қызметке талантты кандидаттарды іздеу, тарту, іріктеу және ұстап қалу әдіснамаларын әзірлеуге қатысу;
- Сұраныс бойынша таланттарды басқару стратегияларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне кеңес беру;
- Сұраныс бойынша мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың таланттарын басқару стратегияларының тиімділігін талдау;
- Уәкілетті органмен бірлесіп, ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде дарынды жастарға (оқушылар мен студенттерге) арналған мотивациялық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
- Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлерін және басқа да мүдделі тұлғаларды HR-сертификаттау үшін оқу бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу.