Жаңалықтар

Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің өкілі ХоУи Менгпен кездесу

21 маусым күні Академия ректоры Ерлан Әбіл Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінің атқарушы директорының көмекшісі Хо Уи Менг мырзамен кездесті.

Жиында Хо Уи Менг мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отыра, Сингапур мемлекеттік қызмет колледжі қызметінің негізгі аспектілері туралы айтты. Ол Сингапурда таланттарды мемлекеттік қызметке жүйелі түрде тарту үміткерлердің кәсіби және көшбасшылық қабілеттерін бағалайтын кезеңдер арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Тараптар әріптестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға және мемлекеттік басқару саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға дайын екендіктерін растады. Академия 2016 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжімен серіктестік қарым-қатынаста.

Айта кету керек, 2001 жылы Мемлекеттік қызмет бөлімі жанынан Мемлекеттік қызмет колледжі ресми орган ретінде құрылды. Сингапурдың мемлекеттік қызметі үшін оқыту орталығы ретінде тіркеліп, мемлекеттік қызметкерлер үшін инновациялық, тиімді және пайдалы оқу тәжірибесін ұсынады.


Your browser does not support SVGs