Жаңалықтар

Академия мен Франция Ұлттық мемлекеттік қызмет институты серіктестікті нығайтуда

2024 жылдың 28 мамырында Академия делегациясы Франция Ұлттық мемлекеттік қызмет институтына (INSP) іссапармен барды.

Кездесуде тараптар арасындағы қарым-қатынастардың тарихына шолу жасалып, алдағы уақытта бірлескен бағдарламалар бойынша оқыту, тағылымдамалар ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық және қолданбалы зертеу жүргізу аясында сарапшылармен алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

Академия делегациясы Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлованың қабылдауында болды.

Айта кетейік, Академия және INSP (бұрынғы ЕNA) қарым-қатынастары 1994 жылдан бастау алады. 2014-2015 оқу жылында Академияның 8 магистранты ENA-мен бірлескен қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алған болатын.


Your browser does not support SVGs