Жаңалықтар

Аналитикалық жазбаларды дайындау бойынша эксперттік кездесу өтті

20 мамыр күні Академияда білім беру процесінде мемлекеттік органдар үшін аналитикалық жазбаларды дайындау сапасы мәселелері бойынша эксперттік кездесу өткізілді.

Сараптамалық кезесуге мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша аналитиктерлі даярлау саласындағы сарапшылар мен практиктер, профессор-оқытушылар құрамы, PA&HRM консорциумының мүшелері, Академияның ғылыми қызметкерлері қатысты.

Сараптамалық кездесуде мемлекеттік басқарудағы проблемалардың шешімдерін әзірлеу, жүргізілетін зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту және нәтижелерді алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің жұмысында қолдану мүмкіндігі сияқты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар Академияның білім беру бағдарламаларының тәжірибеге бағдарлануын арттыру, жүргізіліп жатқан реформаларды ғылыми-талдамалық сүйемелдеу мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар аналитикалық жазбалардың түрлері қай мемлекеттік органға немесе саяси институтқа қажет екеніне байланысты болатынын айтып, ортақ пікірге келді.

Академияның Білім беру саясаты орталығының басшысы Гульсара Джунусбекова өз сөзінде жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін ұсынымдары бар талдамалық жазбаларды жіберу арқылы мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартуға септігін тигізе алатынына назар аударды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтынан шақырылған сарапшы Жолдыбалина Алуа Серікқызы өз тәжірибесімен бөлісті және зерттеу тақырыбы бойынша, адресаты, сипаты мен мазмұны бойынша, сондай-ақ экономиканың барлық салаларының негізгі критерийлері бойынша талдамалық жазбаларды бөлуді ұсынды.

Сараптамалық кездесудің қорытындысы бойынша барлық ұсыныс мемлекеттік органдарға жіберілетін аналитикалық жазбалардың сапасын одан әрі арттыру, жетілдіру үшін ескеріліп, жүйеге келтірілетін болады.


Your browser does not support SVGs