Академияның 30 жылдығы аясында 2024 жылдың 5 мамыр күні сағат 11:00-де мерейтойлық Спартакиада өтеді. Академия қызметкерлерін және білім алушыларын спорттық шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Қатысуға шақырылатын командалар:
- Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің құрамасы
- Білім алушылар құрамасы (1 курс)
- Білім алушылар құрамасы (1 курс) №2
- Білім алушылар құрамасы (2 курс)
- Түлектер құрамасы
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрамасы
- Филиалдар құрамасы
Әр команда қатысушыларды келесі спорт түрлерінен шығаруы керек: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі.
Қатысушыларды регламентпен және жарысқа қатысушының жауапкершілігі туралы қолхатпен танысуын сұраймыз. Спорттық шараға медициналық қызметкерлер қатысады. Қауіпсіздік мақсатында қатысушылардан өздерінің дене шынықтыру дайындығына назар аударуды, медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығына көз жеткізуді сұраймыз. Жарыс алдында жаттығу арқылы жылынуды назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.
Өтінім формасын 2024 жылдың 4 мамыр сағат 14:00-ге дейін толтыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 700 168 09 79
Өтетін орны: Ы.Дүкенұлы көшесі 23, Спорт кешені