БАҒДАРЛАМА

ОҚУ ТҮРІ

ОҚУ ТҮРІ

ОҚУ ҰЗАҚТЫҒЫ: 18 ай

ОҚУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТІЛІ: негізгі кәсіптік қызметпен қоса кешкі уақытта және демалыс күндері оқыту форматымен 18 айлық оқу мерзімімен, оқу екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілдерінде.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ: Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен

КІМ ОҚЫТАДЫ– https://www.apa.kz/ru/team_category/2-nacionalnaya-shkola-gosudarstvennoj-politiki/

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • білім беру процесінде инновациялық, аналитикалық және басқарушылық қабілеттерін дамыту;
  • Institut  national du service public (Франция Республикасы) шетелдік әріптес-жоғары оқу орнында және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндігі (өз қаражаты есебінен);
  • Maxwell School of Citizenship and Public Affairs at Syracuse University әріптес жоғары оқу орны базасында 2 дипломдық білім алу мүмкіндігі (өз қаражаты есебінен);
  • жекелеген пәндерді оқыту үшін шетелдік және қазақстандық жетекші сарапшыларды, мемлекеттік басқару практиктерін тарту;
  • әлеуметтік нетворкингті дамыту, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен өзара іс-қимыл, өзара оқыту (peer learning);
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту;

ОҚУҒА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ

Құжаттарды қабылдау Академияның ақпараттық жүйесі (admission.apa.kz). арқылы а.ж. 23 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында жүргізіледі

Керекті құжаттар

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі
  • шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе QAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім; өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
  • электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш

Мемлекеттік қызметшілер қатарынан Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері үшін мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Конкурстық іріктеу кезеңдері

Конкурстық іріктеу тек бір кезең – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі сұхбаттан өтуден тұрады.

ОҚУ ЖОСПАРЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

Your browser does not support SVGs