Қазақстанда оның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік сипатын нығайтуға бағытталған мемлекеттік құрылыс процесі жалғасуда, оның негізгі құрамдас бөлігі үздік отандық және халықаралық дәстүрлерге жауап беретін тұтас мемлекеттік қызметті құру болып табылады.
2022 жылдың 21-24 мамыры аралығында Академия өкілдері «Мемлекеттік қызмет және этика құндылықтары» тақырыбындағы тренерлерге арналған тренингке қатысты. Тренингті GIZ (Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы) қолдауымен Грузияның Қаржы министрлігінің академиясы ұйымдастырды.
Жаттықтырушылар құрамы Ирина Агапишвили, Екатерина Гогелашвили, Анна Маргиани сияқты сертификатталған жаттықтырушылар арасынан жасақталды. Тренинг мемлекеттік қызметшілер этикасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерімен айналысатын Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинаның мемлекеттік басқару академиялары мен мектептерінің тренерлеріне арналды.
Тренингте мемлекеттік қызметтегі әдептің маңыздылығы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлқының жалпы қабылданған стандарттары, әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзара байланысы, мемлекеттік қызметтегі әдепке сай емес мінез-құлықтың басқа да мәселелері талқыланды.
Модельді кейстерді талдау арқылы мемлекеттік қызметшілер тәжірибесінде жиі кездесетін әдепке сай емес мінез-құлық үлгілері қарастырылды, қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің адалдық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілерін талқылады.
Академияның атынан қолданбалы зерттеулер институтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының меңгерушісі Болат Әйтімов, біліктілікті арттыру институтының директоры Маргарита Қадырова, институттың мемлекеттік саясатты талдау секторының жетекші ғылыми қызметкері Камилла Шерьязданова және Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Ақзада Мадалиева қатысты.