Шетелдік азаматтар академияға магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша халықаралық гранттар мен стипендиялар шеңберінде конкурстық негізде оқуға түсуге құқылы
Шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесіне тіркеледі (https://admission.apa.kz/en) «Резидент емес» мәртебесін таңдай отырып, мынадай құжаттарды электрондық форматта тіркейді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының 2022 жылғы «10» ақпандағы № 61 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның жолдамасыіберу
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі (магистратураға түсу үшін) немесе қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі (докторантураға түсу үшін);
- ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеру деңгейін растайтын IELTS, TOEFL, TOEIC, PIPPLET халықаралық сертификаттарының бірі, келесідей нәтижелерімен:
магистратураға – IELTS кемінде 4,0 балл, TOEFL ITP кемінде 460 балл немесе TOEFL IBT кемінде 57 балл, TOEIC кемінде 381 балл, PIPPLET – B1 (CEFR) деңгейінен төмен емес;
докторантураға және МВА – Master of Business Administration білім беру бағдарламасына – IELTS кемінде 5,5 балл, TOEFL ITP кемінде 543 немесе TOEFL IBT кемінде 87 балл, TOEIC кемінде 650 балл, PIPPLET – B2 (CEFR) деңгейінен төмен емес.
Бұл ретте Академия PIPPLET операторымен ынтымақтастық шеңберінде аталған тесттен өту бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау
2022 жылғы 1 наурыздан 23 шілдеге дейін
Конкурстық іріктеу
2022 жылғы 27 шілдеден 10 тамызға дейін
Сабақтың басталуы
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап
Қабылдау комиссиясы
admission@apa.kz
+7 7172 75 33 95
+ 7 7172 75 34 43
Ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже алған үміткерлер аталған халықаралық сертификаттардың бірін беруден босатылады. Бұл ретте, Академия қажет жағдайда растаушы құжаттарды сұратады.
5)жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған қызметтік тізім, немесе өзге үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат;
6)докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін – зерттеу жұмысы (research proposal) жоспарының жобасы);
7)foreign citizens print out the application generated in the information system of the Academy, sign it and upload the signed scanned version of the application.
Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде Пайдаланушы келісіміне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге арналған келісімге қол қояды
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар оларда оқуды аяқтаған тұлғаларға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
Қабылдау комиссиясы үміткерлердің деректері мен құжаттарының электрондық көшірмелерін үш жұмыс күні ішінде өңдейді. Үміткердің құжаттары көрсетілгенталаптарға сәйкес келген жағдайда, үміткердің Жеке кабинетінде конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтуге жіберу туралы хабарламамен өтінімнің мәртебесі көрсетіледі
Үміткер құжаттардың толық емес топтамасын және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Академия құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін 3 күн ішінде үміткерге құжаттарды өтінімнің тиісті мәртебесімен толықтыру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Үміткер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды, сондай-ақ дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдау аяқталған күні үміткердің жеке кабинетінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы өтінімнің мәртебесі көрсетіледі.