Жаңалықтар

Aшық есік күні

Бүгін Академия қабырғасында биыл алғаш рет “Ашық есік күні” өтті.

Іс-шара Академияның Амбассадорларымен бірге ғимаратқа экскурсиядан басталды, олар оқуға түсу және білім алу процесіне қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

Одан кейін ақпараттық сессия өтіп, онда қонақтар магистратура мен докторантураның 2022 жылға арналған білім беру бағдарламалары, Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдаудың жаңа ережелері мен Академияда оқудың артықшылықтары туралы толық ақпарат ала алды.

Сондай-ақ қонақтарға қабылдау алгоритмі, талап етілетін құжаттар, конкурс кезеңдері және QRT мен Pipplet тестінің құрылымы бойынша толық кеңес берілді.

Келесі Ашық есік күндері төмендегі күндерге жоспарланып отырғанын хабарлаймыз:

▪️30 сәуір  (https://www.apa.kz/den-otkrytyx-dverej-30-04/ )

▪️28 мамыр (https://www.apa.kz/ashyq-esik-kuni-28/ )

▪️25 маусым  ( https://www.apa.kz/ashyq-esik-kuni-25/)


Your browser does not support SVGs