27 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында түлектерге диплом беру рәсімі болып өтті. 137 мемлекеттік қызметші магистр және доктор дипломын алды.
Академия ректоры Фатима Жақыпова құттықтау сөз сөйледі.
Ф. Жақыпова «Академияға оқуға түсу алдында әрбіріңізді қоғам игілігі үшін білім мен дағдыларды меңгеру, үздік болу талпынысы жетелеген болар. Сол талпыныстың үлкен күшке айналып, еліміздің жаһандық әлемде көшбасшы позициясына иеленуі үшін мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді.
Сөз соңында ректор Академияның түлектері мен профессор-оқытушылар құрамына алғысын білдірді.
Іс-шараға Қазақстандағы Монғолия елшілігінің бірінші хатшысы Мункхбат Нергуй, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Орталық Азиядағы Ханнс Зайдель Қорының жоба басшысы, доктор Макс Георг Майер қатысты.
Майер мырза диплом тапсыру салтанатты рәсіміне қатысып отырғанына ризашылығын білдіріп, Академия басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін алғысын айтты.
Ханнс Зайдель Қорының қаржылық қолдауымен Академияда Қазақстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның 12 мемлекеттік қызметшісі білім алғанын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 840 мемлекеттік қызметші білім алды.