«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсы өтуде.
Курс мақсаты – «Б» корпусының басшы лауазымдарында басқарушылық функциялар мен міндеттерді тиімді шешу үшін құзыреттерді дамыту. Бағдарлама аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен қабылдау, мемлекеттік органдардың жұртшылықпен, Үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-пен өзара іс-қимылы және т.б. мәселелері қарастырылатын болады.
Оқыту барысында уақытты басқару, стресс-менеджмент, басшы этикасы, конфликтерді басқару, персоналды басқару, жобаларды және бағдарламаларды басқару және т.б. тақырыптарға арналған практикалық сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін дамыту және тұлғалық тиімділігін арттыруға айрықша назар аударылған.
Лекторлар ретінде тыңдаушылар алдында Еуразиялық интеграция институтының директоры – Ғ.С. Нығыметов; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі, PhD – А. С. Жолдыбалина; Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор – Т.Қ. Бурбаев; «НИКА» коммуникациялық дамыту орталығының бизнес-тренеры, Мәскеу Риторика және шешендік өнер университетінің жетекші лицензиаты – Т. Аманбек; Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар Академияның профессор-оқытушылар құрамы және т.б сөз сөйлейді.