Жаңалықтар

Академияда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша семинар басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2017 жылғы 17–20 қазан аралығында «Әлеуметтік кәсіпкерлік: дамыту мен ілгерілетудің тиімді құралдары» тақырыбына біліктілікті арттыру семинарын өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты – мақсатты аудиторияның «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымының мәні, оның жұмыс істеуі мен дамуы қағидаттары туралы нақты және айқын түсінігін қалыптастыру.

Семинарда келесідей мәселелер қарастырылады: әлеуметтік кәсіпкерлік (ӘК) ұғымының мәні, әлеуметтік кәсіпкерлік және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу, Қазақстандағы ӘК дамуының қазіргі жағдайына шолу, ағымдағы бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына ӘК интеграциясының перспективалары, Қазақстанда ӘК-ті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және т.б.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылардың «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымының мәні туралы хабардарлық деңгейі жоғарылайды, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша шетелдік тәжірибе туралы білім алады, билік вертикалінің барлық деңгейлерінде әлеуметтік кәсіпкерлерді дамыту және қолдау үшін ұсыныстар әзірлейді деп күтілуде.

Негізгі спикерлер: «Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ атқарушы директоры Ринад Темирбеков және «Орталық Азияның Еуразия қоры» КҚ, Жобалар бойынша менеджер Андрей Бачище.

Шақырылған сарапшылар: Шеврон компаниясы Қоғаммен және мемлекеттік органдармен байланыс бойынша менеджер Лейла Айтмуханова, «GreenTal» компаниясы, Қазақстандық әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров, «Радость» қайырымдылық дүкені (Қарағанды қ.), Қазақстандық әлеуметтік кәсіпкер Меруерт Аргимбаева, «Наше будущее» қорының директоры (Ресей)

Юлия Жигулина.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.


Your browser does not support SVGs