Жаңалықтар

Академияда инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу бойынша семинар басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2017 жылғы 30 қазан – 3 қараша аралығында «Мемлекеттің қатысуымен инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу: практикалық аспектілер» тақырыбына біліктілікті арттыру семинары өтіп жатыр.

Семинарға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті органдарының мемлекеттік қызметшілері қатысуда.

Сабақты Мәскеудегі EY офисінің жобалық қаржыландыру және инфрақұрылым тобының жетекші менеджерлері – Люзан Сергей және Мамонова Мария, сондай-ақ Астанадағы EY кеңсесінің Жобалық қаржыландыру және инфрақұрылым тобының аға менеджері – Новиков Иван өткізіп жатыр.

Сарапшылар мемлекеттік органдар үшін қаржылық тақырыптар бойынша тренингтер өткізу, инфрақұрылым саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және қаржылық үлгілер мен бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша табысты тәжірибеге ие.

Семинар барысында тыңдаушылар ақылы жолдарды салу мен пайдалану мысалында МЖӘ қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылатын, жобаның білім беру қаржы моделін нөлден бастап өздігінен құрастыру, мемлекет қатысуымен инвестициялық жобаларды қаржылық үлгілеуде практикалық дағдыларға ие болады.

Оқу нәтижелері бойынша тыңдаушылар Еуропалық қайта құру және даму банкі және Халықаралық қаржылық корпорация (Дүниежүзілік банк) сынды ұйымдармен қолданылатын озық халықаралық тәжірибеге сәйкес, инвестициялық жобаның қаржылық моделін құрастырады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.


Your browser does not support SVGs