Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшылар кеңесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Шпекбаев А.Ж, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Жакыпова Ф.Н., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының жетекшісі Давлетбаева Ж.Ж, «IHS Markit» бас талдаушысы Алекс Меликишвили, «The Economist» журналының сарапшысы Максимилиан Ламберсон, Н. Назарбаев университетінің Мемлекеттік саясат мектебінің вице-деканы Рикардо Пелиццо, «Трасперенси Казахстан» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шибутов М.М. және басқа да сарапшылар қатысты.
Сарапшылар кеңесі отырысының мақсаты елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарына сарапшылық бағалау және оның жүзеге асырылуына сарапшылар мен Үкіметтік емес ұйымдарды тартуға бағытталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының жетекшісі Ж. Давлетбаеваның айтуы бойынша «Транспаренси Интернейшнл» агенттігінің Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 баллға және 9 позицияға жақсарта отырып, 2017 жылы 31 балл жинап, 122 орынды иеленген. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық ең көп тараған елдер санатынан шығуға мүмкіндік беріп отыр.
«IHS Markit» бас сарапшысы Алекс Меликишвили өз сөзінде «IHS Markit» методологиясының тәуекелдік құрылымдарына сәйкес Қазақстан Орталық Азия елдері мен Ресей арасында жетекші орынға ие екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақыларын кезең-кезеңмен арттыру арқылы мемлекеттік аппаратты оңтайландыру жұмыстарына оң баға берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыруға және тиімді шешімдерді қабылдауда сыбайлас жемқорлықтың таралуының негізгі үрдістері мен бағыттары туралы объективті ақпараттарды қамтитын ғылыми және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері аса маңызды рөл атқаратындығын баса айтты.
Бұл кездесу қазақстандық және халықаралық алдыңғы қатарлы сарапшылардың өзара бір бірімен тәжірибемен алмасуға, жемқорлық деңгейін азайтудың бағыттарын анықтауға және негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.