ОҚУ ТҮРІ Оқуұзақтығы: бір жыл оқу мерзімімен, өндірістен қол үзіп оқу бағдарламасы Оқутілі: оқу үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша және ағылшын тілінде. Қаржыландыру көзі: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ басқа да қаржыландыру көздері есебінен КІМ ОҚЫТАДЫ: https://www.apa.kz/team_category/memlekettik-sayasattyn-ulttyk-mektebi/
Магистратураның «Мемлекеттік басқару – Public Administration» өндірістен қол үзіп білім беру бағдарламасына, бір жыл оқу мерзімімен: — мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, құжаттарды тапсыру сәтінде саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері («А» санатының тобы – А-1, А-2, А-3), ( «В» санатының тобы – В-1, В-2, В-3), («С» санатының тобы – С-1, С-2, С-3), орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өңіраралық және облыстық бөлімшелерінің, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы орталық мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметшілері (С-О-1, С-О-2, С-О-3), («D» санатының тобы – D-1, D-2, D-3), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының қызметшілері (D-О-1, D-O-2), («Е» санатының тобы – Е-1, Е-2) болып табылатын және басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады. — Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.