Жаңалықтар

Ахметов Әшімжан Сүлейменұлының 70 жылдығына арналған конференция өтті.

2020 жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, Академия басшылығы мен профессорлық- оқытушылар құрамының қатысуымен, заң ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2006-2008) – Әшімжан Сүлейменұлының 70 жылдығына арналған конференция өтті.

Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы – көрнекті қоғам қайраткері, талантты ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Инженерлік академияның академигі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13 – ші шақырылымындағы депутаты, өнеркәсіп, энергетика және байланыс комитетінің төрағасы, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Әшімжан Сүлейменұлының жауапты еңбек жолындағы жан-жақты қызметі елімізге айтарлықтай зор үлес қосты.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарған Ә. С. Ахметовтың отандық білім беруді дамытуда қосқан үлесі зор, өзінің еңбек жолында ол келесідей қызметтерді атқарды:  Ш.Есенов  атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің ректоры,  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, М. Х. Дулати.атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.

Мемлекеттік басқару Академиясы Әшімжан Сүлейменұлының тұсында  басқару жүйесінің жүйелілігімен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың және жетекші әлемдік сарапшылардың бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына үлкен серпін берді.

Ірі аймақтық ғылыми білім беру мекемелерінің ректоры болған Әшімжан Сүлейменұлы материалдық-техникалық базаны нығайтуда, шетелдік университеттермен байланысты кеңейту жолында, жоғары оқу орындарының инновациялық даму жолына көшуіне жағдай жасауда, сондай-ақ оларға басшылық ететін жоғары оқу орындарының өркендеуіне орасан күш жұмсады. Ел қажет ететін ақылды және жан-жақты дамыған жастардың ұрпағын тәрбиелеуге ұмтылған Әшімжан Сүлейменұлы: «Жастар-бұл біздің болашағымыз, өйткені олар мемлекеттің қазіргі заманғы, мәдени дамуының басты қозғаушы күші», – деген керемет сөздері арқылы өскелең ұрпақты қанаттандырып отырды.

Бойындағы табандылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік және ілтипатты қарым-қатынасы арқылы Әшімжан Сүлейменұлы ұжымда асқан беделге және үлкен құрметке ие болды.

Қоғамдық-саяси қызметтегі мансабында аса жоғары деңгейде атқарған еңбегі үшін Ә.С.Ахметов  Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Білім беру үздігі», «Алтын барыс» төсбелгілерімен марапатталды.

Конференцияға отбасы мүшелері, Ә.С.Ахметовтың достары мен әріптестері қатысты, көрнекті қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен депутаттар қатысты: Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Сүлейменов Төлеутай Сқақұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы «Қазақ мұнай және газ институтының» корпоративтік дамыту жөніндегі басқарушы директоры, Есекина Бахыт Камалбекқызы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңес мүшесі,  «Жасыл академия» ҒБО директоры, профессор,  Қуанышев Төлеген Шаңғытбайұлы – Қазақстан Республикасының бірінші сайланымдағы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Елекеев Ирак Қасымұлы – Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы, Кемел Мырзагелді – мемлекет және қоғам қайраткері, Құрманалиев Кәрімбек Арыстанбекұлы – Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі.


Your browser does not support SVGs