QAZAQ RESMI TEST – жоғары оқу орнынан кейінгі тілдік құзыреттілікті анықтайтын онлайн тест.
Тест тапсыру нұсқаулығы:
- көрсетілген сілтеме арқылы https://www.qrt.kz/ сайтына кіресіз;
 - сайтта тіркелесіз (ЖСН, аты, тегі, телефон, эл. почта, пароль, туған күні, айы, жылы, жынысы);
 - тест тапсыру мақсатыңызды таңдап, жеке кабинетке өтесіз;
 - тестілеуге өтуге мүмкіндік алу үшін «Төлеу» батырмасын таңдайсыз;
 - төлемақыны төлем картасы арқылы төлеп, тест тапсыруға өтесіз;
 - жеке куәлігіңіздің скан нұсқасын жүктейсіз (png, jpg, jpeg форматтарында болуы керек);
 - тесттің 4 бөлігін орындауыңыз қажет;
 - тест нәтижесі 2 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізге келеді.
 
Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін тек Chrome браузерін пайдалану керек екенін ескеріңіз. Бұл браузер онлайн тестілеу үшін барлық қажетті форматтарды қолдайды. Сіз Chrome-ды осы жерден қоса аласыз.
QAZAQ RESMI TEST-ті онлайн режимінде, өз компьютеріңізден, кез-келген өзіңізге ыңғайлы уақытта тапсыруға болады.
Тест 4 бөлімнен тұрады, оларды бір-бірінен кейін де, кез-келген ретпен де өткізуге болады. Тесттің барлық бөліктерін бірден өтуіңіз маңызды.
| Бөлік атауы | Орындау уақыты | Сипаттамасы | Бағалау | 
|---|---|---|---|
| Тыңдалым | 5 минут | тест тапсырушы бір бейне мәтінді тыңдап, 5 тест сұрағына жауап береді | Жүйе автоматты түрде бағалайды | 
| Лексика-орфография | 10 минут | 10 тест орындайды | Жүйе автоматты түрде бағалайды | 
| Жазылым | 10 минут | берілген тақырыпқа ресми-іскерлік стильде 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады | Сарапшылар бағалайды | 
| Сұхбат | 5 минут | берілген 3 сұраққа нақты жауап береді | Сарапшылар бағалайды |