Әбіл Ерлан Қуанышұлы
Экономика ғылымдарының кандидаты

1973 жылы 18 қыркүйекте Жезқазған қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

  • Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті, Жезқазған қ. (08.1995-11.1996);
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі, Қарағанды қ. (11.1996-12.1997);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Жезқазған қ. (12.1997-04.1999);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Жезқазған қ. (04.1999-02.2002);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті, Жезқазған қ. (02.2002-05.2002);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Жезқазған қ. (05.2002-02.2006);
  • Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры, Жезқазған қ. (02.2006-10.2006);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, Астана қ. (10.2006-09.2012);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (09.2012-07.2013);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (07.2013-11.2016);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институты директорының м.а., Астана қ. (11.2016-01.2017);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының директоры, Астана қ. (01.2017-08.2019);
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Астана қ. (21.08.2019-27.02.2025).

2019 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі бар.

Британдық PRINCE2®  жобаларды басқару әдісінің, сондай-ақ жобалар, бағдарламалар және портфолио менеджменті саласындағы ҚР СТ ISO 21500/21503/21504 ұлттық стандартының аккредиттелген тренері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2020).


Your browser does not support SVGs