Жаңалықтар

«Үш тілді білім беруді ілгерілету»

Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2019 жылғы 08 сәуір – 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Орталық және жергілікті басқару органдарының 1146 мемлекеттік қызметшісіне «Үш тілді білім беруді ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілерге қазақ тіліндегі ресми жазылым, латын графикасы, орыс және ағылшын тілдерін оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарларын өткізді.

Мемлекеттік қызметшілер Академияның семинарлары бойынша жазған сауалнамаларында ресми стильдің жаңа орфографиялық нормаларын игергендіктері, латын графикасымен аналитикалық мәтіндер құрастыруды және үш тілде көпшілік алдында сөйлеу стратегияларын сапалы меңгергендіктерін білдірді.

Сондай-ақ тыңдаушылар Академия оқытушыларының оқыту технологияларына жоғары баға берді.

 


Your browser does not support SVGs