Академия ректоры Ерлан Әбіл Вьетнам Мемлекеттік басқару ұлттық академиясының делегациясымен кездесу өткізді.
Мемлекеттік қызметті қазіргі жағдайда дамытудың келешегі және білім беру мекемелерінің кадрларды даярлаудағы рөлі туралы қызықты пікір алмасу болды. Академия президенті Dang Xuan Hoan Вьетнамдағы білім берудің қайта даярлау жүйесінің негізгі артықшылықтары мен ерекшеліктері жөнінде айтып өтті.
Президенттің пікірінше, бүгінде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы арақашықтықтың алшақтығы ұстанымдардың жақындасуына кедергі бола алмайды, оның үстіне екі елдің сыртқы саяси көзқарастары көп мәселелерде бір арнаға тоғысады. Бұл, ең алдымен, бейбіт қарым-қатынасты дамытуға ұмтылыс және озық мемлекеттік қызметті қалыптастыруда белсенді рөл ойнауға ықыластылық.
Іс жүзінде тараптар тағылымдамалармен және іс-тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ дәріскерлер мен сарапшыларды шақыру арқылы Академиялар арасындағы байланысты жақсартуға уәделесті.