Жаңалықтар

Пилоттық жоба іске қосылды: мемлекеттік қызметшілердің дамуы мен демалысына арналған бөлме

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Jangyroom» атты ведомство қызметкерлерінің дамуы мен демалуына арналған бөлме ашылды. Пилоттық жоба бойынша бастаманы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары көтерді.

Идея авторларының сөзінше, жоба Академия қабырғасында оқу барысында туындаған. «Jangyroom» бөлмесінде жұмыстың тиімділігін арттыру, министрлік жұмысының белгілі бір тетіктерін жақсарту бойынша прогрессивті әрі креативті идеяларды талқылау үшін қызметкерлер мен ведомство басшыларының  брейнстормингі өтетін болады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен қызметкерлердің кәсіби білімін жоғарылату бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтерді өткізу жоспарланып отыр.

Кабинет ашылған күні алғашқы тренингті жобалық менеджмент бойынша оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор Әлтаир Ахметов өткізді.  Ол өз сөзінде, мемлекеттік ведомстволарда мұндай бөлмелерді ашу Академияны жақындатуға, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілерге жұмыс үдерісінен қол үзбей, үнемі өз кәсіби дағдыларын дамыту мен жақсартуға көмектесетінін атап өтті.

Айта кеткен жөн, ҚР ИИДМ қызметкерлермен өзара іс-қимыл жасау мен еңбек жағдайын және оған қол жеткізуді ұйымдастыруда заманауи әрі прогрессивті тәсілдерімен ерекшеленеді.


Your browser does not support SVGs