1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасы болып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді.
Конституция – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, демократиялық құндылықтардың негізі.
Академия мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, кәсіби мемлекеттік қызметші даярлауда Ата Заңда бекітілген қағидаттарды басшылыққа алады.
30 жыл ішінде Конституция ел бірлігінің, тұрақтылық пен жасампаздықтың символына айналды.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!