Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі — Конкурс) жариялайды.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы» ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына (бұдан әрі — қағидалар) сәйкес өткізіледі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506.
Конкурсқа штаттық оқытушылар болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
I кезең — университетішілік кезең 2025 жылғы 3-14 қараша аралығында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер құжаттарды электрондық форматта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады (universitycontest2025.iac.kz):
1) қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2025, 2024, 2023, 2022, 2021 жж));
3) қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі (2025-2026 оқу жылы);
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі — 2025 жылғы 17-19 қараша аралығында өткізіледі.
II кезеңі — республикалық кезең 2025 жылғы 1-12 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Республикалық кезеңге қатысу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің АЖ-сі арқылы кезеңнің қорытындылары бойынша іріктелген электрондық форматтағы үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланатын болады.