Жаңалықтар

2025 жылдың 20 маусым күні Астанада «ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕР, ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТТЕР, ТЫҢ ШЕШІМДЕР» тақырыбында GovHR ФОРУМЫ өтеді.

GovHR Форумы – бұл мемлекеттік секторда адам ресурстарын басқару саласындағы заманауи тәсілдерді дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді зерделеуге арналған кәсіби алаң.

Форум мемлекеттік басқару саласының көшбасшыларын, IT мамандарын, HR практиктері мен цифрландыру саласындағы сарапшыларды біріктіре отырып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық үдерістерді трансформациялау мәселелерінде заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу бойынша конструктивті диалог жүргізуге мүмкіндік береді.

Өтетін күні мен уақыты: 20.06.2025 сағат 9:00-де

Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы 33а, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

 

Тіркелуге арналған сілтеме https://govhrforum.apa.kz/kz/registration


Your browser does not support SVGs